Азаматтық қоғам өкілдері Адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы реформаға арналған құжат дайындады

790

Адамзат өлшемдері  тақырыбында Варшавада өткен конференцияда Қазақстандық ҮЕҰ-ң сарапшылары «2015-2020  жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарын» таныстырды.

Жоспар адам  құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мен қорғау бойынша 23 бөлімді қамтиды. Бөлімдер саяси құқық және азаматтық бостандық; экономикалық ,әлеуметтік және мәдени құқық деп аталатын екі үлкен блокқа топтастырылған.

Құжат авторлары Жоспарды дайындау барысында Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандығын сақтау саласына өзгерістер енгізу қажеттігін және қазір орын алып отырған түйіткілді мәселелердің шешімін көрсетпекші болды.

Жоспар  Қазақстанда адам  құқықтары мен бостандығын құқықтық жүйелеу бойынша, адам құқығы саласындағы негізгі халықаралық құқық  бойынша негізгі заңнамаларды кезең-кезеңімен реформалауға бағытталған.

Жоспар авторлары билік өкілдері институционалды қамтамасыз ету, Қазақстандағы негізгі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар және азаматтық бостандық туралы  заңнамаларды реформалауда жүйелі түрде жасалған бұл құжат қолданылуы мүмкін деп болжап отыр.

Жоспар билік мен азаматтық қоғам өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға жол аша алады. Мәселен, мемлекеттің адамзат өлшемі саласындағы халықаралық міндеттерін орындау мәселесін мысалға алуға болады.

Жоспардың барлық бөлімдері адам құқығы саласындағы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сүйене отырып жасалған.