Алматыда азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

850

Жұмыссыздар қалай жұмысқа орналасуға болады? Табылған жұмысқа мамандығы, кәсібі сәйкес келмесе, қайтадан қалай даярлықтан өтуге болады? Жастар практикасы деген не? Оны кімдер пайдалана алады? Алматы қаласында қандай тегін курстар бар,  Зейнеткерлікке шығу, зейнетақыға байланысты сұрақтар бүгін «Халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік бағдарламалар: халықты  әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы ақпараттандыру» деген тақырыптағы дөңгелек үстелде айтылды.Шара ұйымдастырушылары Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры; Алматы қаласы Мемлекеттік  еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы; Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Шара мақсаты бойынша жиынға қатысушылар – Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасының 88-қадамын басшылыққа ала отырып, азаматтарды қазіргі қабылданып жатқан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалармен таныстырып, халықты  әлеуметтік, экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы толыққанды ақпараттар берілді.

Жиынға Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Абдреимов Мұса, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ертаева Мадина, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Көші-қон бөлімінің басшысы Ысқақова Күлсін, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының өкілі Сәния Әбдіғапар, Алматы қаласы әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшісі Қайрат Иманалиев, Алматы қаласы Халыққа қызметкөрсету орталығының менторы Базар Алтынай және басқа ұйымдар өкілдері қатысып, халықтың  әлеуметтік жағдайларын көтеруге әсер ететін факторлар туралы туралы баяндады.

Жиынға келген мемлекеттік және басқа да тиісті органдардың өкілдері қала тұрғындары мен этникалық қазақтардың сұрақтарына жауап берді.