БҰҰ баяндамашысы Қазақстан Парламентін ҮЕҰ туралы Заңға толықтырулар енгізбеуге үндеді

674

БҰҰ-ң  БҰҰ бейбіт жиналыс және ассоцияция құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Кай Қазақстан Парламентін ҮЕҰ туралы Заңға толықтырулар енгізбеуге үндеді. Оның пікірінше, мұндай әрекет ұйымдардың тәуелсіздігін шектейді және ары қарай жұмыс жасауына қауіп төндіруі мүмкін.

Заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қабылданса,  бірыңғай оператор жұмыс жасайтын болады. Оған үкіметтік емес ұйымдар арасында барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттардың тағайындалуы тапсырылмақшы. Оның ішінде, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар бөлген гранттар да бар.

Оның ойынша, ресурстарды үлестірудің орталықтындырылған жүйесі үкіметке азаматтық қоғамды қадағалауға мүмкіндік береді.

«Қаржыландыру көзін бақылауды мақсат еткен заң жобасы ұйымдардың функционалды еркінің бұзылуына алып келеді, тәуелсіз жұмыс жасауына шектеу қояды, жалпы ары қарайғы жұмысыныа қауіп төнеді», – дейді арнайы баяндамашы. Оның ойынша, қаржы көздеріне қолжетімділік ұйым бостандығының айрылмас бөлігі.

Жаңа толықтырулар2015 жылы 8 қазан күні ҚР Парламенті Сенатымен бекітілді.  Қазыр нормативті актінің мәтіні  Парламенттің төменгі палатасының мақұлдануына жолданды.

Ақпарат көзі: БҰҰ ақпарат орталығы