Сарапшылар пікірі

684

 

Виталий Пономарев, «Мемориал» құқыққорғау орталығы, орталық-азиялық бағдарламалар директоры:

“…Біріншіден, Путинге және тікелей оның іс-әрекетіне Болотный алаңында болған оқиғалар қатты әсер етті. Екіншіден, Ресейден шет елдік донорлардың кетуі мен қаржыландырудың қысқаруы. Оған бірнеше жайттар әсер етті. Мәселен, Шет елдік агенттер туралы Заң және Қор өкілдіктерінің жабылуы”

 

 

 

 

 

 

Олег Гулак, Беларусь Республикасының Хельсинки комитетінің төрағасы

“…Біз Беларусьтегі жағдайды ауыр деп айта аламыз. Соңғы уақытта геосаяси оқиғаларда Лукошенко біздің аймақтағы бітімгерлердің бірі ретінде көрінді. Сонымен қатар, соңғы кездері Лукашенко «қол алыспаған» президент болды.  Адам құқықтары мен саяси шешімдер төңірегінде Беларусьте ешқандай өзгерістер болмағанымен, Украина мәселелері бойынша Еуропадан келген уәкілдер президентке бірнеше рет алғыс айтты”.

 

 

 

Аветик Ишханян, Армения Республикасы Хельсинкий комитетінің төрағасы:

“…Арменияда белгілі бір  бостандықтар сақталуда. Мысалы, бірлестіктер бостандығын айтуға болады. Бізде көптеген опозициялық партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасайды. Кейбір шектеулерді айтпағанда, әсіресе, телевизия саласында сөз бостандығы бар. Сондай-ақ, кейбір шектеулермен бейбіт жиналыс өткізу бостандығы да берілген. Осыларды мысалға ала отырып, біз демократиялы елде немесе демократияға ұмтылатын елде өмір сүреміз деп айтуға негіз бар”.

 

 

 

 

 

Эрик Ирискулбеков, «Орталық Азия қозғалыста» құқықтық көмек көрсетуге арналған азаматтық платформаның координаторы:

“…Адам құқықтары мен бостандықтары төңірегінде орын алған соңғы оқиғалар дежавю сезімін ұялатады. 2010 жылы сәуірде болған оқиғалардан шығу үшін, яғни, оларды құқықтық арнаға бұру үшін біраз күш жұмсалды. Алайда, билік күшті сезіну арқылы өз ұстанымдарын нығайтып, өздеріне ыңғайлы жағдай жасауға тырысады. Бірінші кезекте, азаматтардың құқықтары бен бостандықтары сынға түседі”.

 

 

 

Ақпарат көзі: bureau