Әр сәбидің қорғаны болуы керек

897

«Бала құқықтарын қорғау жөніндегі» Қазақстандық ҮЕҰ-н құралған жұмыс тобы БҰҰ бала құқықтары жөніндегі Конвенциясының Қазақстанда орындалуы бойынша төртінші баяндамасын жасады. Баяндаманы бір топ қазақстандық құқыққорғаушылар Женева қаласында өткен бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің өкілдерімен болған кездесуде талқылады.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының директоры Роза Ақылбекованың айтуынша: «Жұмыс тобының мақсаты елімізде балалардың жағдайы нашар екендігін айту ғана емес. Құқыққорғаушылар осындай іс-шараларды өткізу арқылы Қазақстанда жалпы адам құқықтарының сақталуын жақсартады».

«Менің ойымша, кез келген келісім жасалмастан бұрын, әсіресе келісім нәтижесінде баланың зардап шегуі мүмкін болса, міндетті түрде заңгер кеңесіне жүгінген абзал. Баланың қауіпсіздігіне тек ата-ана ғана емес, мемлекет те жауапты. Сол себепті, Қазақстандағы әр бала қамқорлықта болуы тиіс».

 

 

 

 

 

 

БҰҰ өкілдерінің назарын аударған бірнеше жағдайлар бар. Мәселен, сапалы білім алу мүмкіндігі, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мәселелері. Балалар құқықтары бойынша өкілетті институттың жоқтығы, балаларды зорлау, балаларды сату, ұрып-соғу, мектептегі жазалау т.б. бойынша сұрақтар қойылды.

 

Қазақстан Балалар Қорының төрайымы Эльвира Ватлина: «2014 жылы Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша, балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитеттің аймақтық мекемелері Білім басқармасының бөлімі ретінде жұмыс жасай бастады. Демек, тәуелді құрылым болды деген сөз. Сол себепті, бала құқықтары бойынша тәуелсіз маниторинг жайлы айтудың да қажеті жоқ».

 

 

 

 

Сондай-ақ,  баяндамада аутизм, жасөспірімдер арасындағы суицид, босқындардың балалары жайлы және ерте жаста қыздардың түсік тастауы турасында мәселелер талқыланды.

 

«Жыл өткен сайын елімізде аутизммен ауыратын балалар саны артып келеді. Ал оларға аталмыш ауру бойынша мүгедектік берілмейді»,-дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова.

 

 

 

 

 

 

Баяндама жасаған қазақстандық құқыққорғаушылар баяндама тек объективті ақпараттан құралған. Әр кейстің астарында нақты дәлелі ақпарат бар дейді.

Естеріңізге сала кетейіе, балалар құқықтары бойынща БҰҰ Конценциясының орындалуы жөніндегі келесі ресми есеп 2015 жылдың күзіне жоспарланған.