Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның артықшылықтары мен кемшіліктері

563

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттері Нидерланды корольдігінің қолдауымен MediaNet халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырып жатқан «Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу» жобасы аясындағы ақпаратқа қол жеткізу туралы тренингке қатысты. Тренингі Интерньюс-Қазақстанның білікті заңгері Ольга Диденко өткізді. Ол шара барасында «Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу: Басынан аяғына дейін» (info-dostup.kz) онлайн курсын таныстырды, әрі төмендегі сұрақтарға жауап берді: ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңы не туралы? Журналистер өзінің ақпаратқа қол жеткізу туралы құқықтарын қаншалықты жиі пайдаланады? Болашақ журналист бұл заң туралы не білгені жөн? Жазбаша сұрауды қалай жазады? Өтінім мәтінін дайындаған кезде журналистер қандай қателіктер жіберуі мүмкін? Егер сіздің құқыңыз бұзылса немесе жауапты дер кезінде қайтармаса не істеу керек? Тренинг қатысқан студенттер аталмыш заң аясында жаңа мәліметтер мен мәліметтер алып, болашақта материалдар жазған кезде пайдаланатындықтарын айтты. Ал факультет әкімшілігі осындай шаралардың жиі өтуіне иүдделес екендіктерін білдірді.