Trender

www.trender.kz

www.trender.kz Қазақстан азаматтарының елімізде жатқан маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік оқиғалармен танысуына, түсінуіне, талқылауына және пікір білдіруіне арналған ұзақмерзімді пікір алаңы.

Ресурста Қазақстандағы заңнамалық бастамалар, республика үшін стратегиялық маңызы бар трендтер жайлы мәліметтер топтастырылған.

Ресурс барлық аудитория үшін пікірталас алаңына айналып, ҚР азаматтарының ақпаратқа қол жеткізу және пікір білдіру еркіндігі құқықтарын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Мультимедиалық және интерактивті форматтың арқасында контент барынша қызықты әрі қолжетімді болады.

Жоба жұмысы екі бағытта жүреді:

  • ҚР-дағы ең маңызды оқиғалар бойынша барлық ақпараттық мәліметтерді,  сарапшылар мен қоғам пікірін жинақтау, сайтта жариялау. Блоктың мақсаты – тұрақты түрде жұмыс істеп тұратын қоғам үшін маңызы бар мемлекеттік бастамаларға қоғамдық бақылау орнату. Оларды қоғамға жеткізу.
  • заң жобасы бойынша жүріп жатқан жұмыстар туралы әртүрлі ақпарат көзінен алынған ақпаратпен қоғамды қамтамасыз ету мақсатында республикалық және аймақтық БАҚ-қа түрлі форматтағы ақпаратты (аңдатпалар, баспасөз баяндандары, мәлімдемелер, сараптама-талдаулар, байланыс мәліметтері және т.б.) таратуға мұрындық болу.